ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) — тыныс алу ағзаларының вирустар және бактериялармен қабынулық зақымдануы. Күнделікті өмірде ЖРВИ-ді салқын тию немесе грипп деп атайды. ЖРВИ жылдың суық мезгілінде әр түрлі вирустар: грипп, парагрипп, аденовирустар, респираторлық-синцитиальді вирустар, риновирустар, коронавирустаржәне т.б. әсерінен дамиды, қазан айынан сәуір айы аралығында және қаңтар, ақпан айларында өршумен өтеді.
ЖРВИ ауа-ташмы, ауа-шаң, тұрмыстық (үйде қолданылатын тұрмыстық заттар арқылы) , алиментарлы жолдар (тамақ, ішетін су) арқылы беріледі. Аурудың бастапқы кезеңінде вирус тыныс жолдарының кіреберіс қақпағында, яғни мұрында, жұтқыншақ және көмейде, төменгі тыныс алу жолдары- бронх, өкпеде дамиды. Ол мынадай симптомдармен көрінеді: әлсіздік,жарықтан қорқу сезімі, қалтырау, буын және бұлшық етте ауыру сезімі, бас ауыру, жөтел , тамақта ауыру сезімі, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қырылдауы, дене қызуының көтерілуі, терлегіштік, кейде құсу, жүрек айну.
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК: Аурудың алғашқы күндері төсектік режим, жанындағы адамдарды жұқтырмау мақсатында бетперде тағу. Көп мөлшерде сұйықтық (дәрумендік компот, шырын, шәй, қайнатпалар) ішу, (ауыр емес, дәрумендерге бай, нәрлі тамақ) ұсынылады.
ЕМІ: ЖРВИ симптомдары пайда болған сәттен бастап аурудың асқынуының алдын алу және бактериалды , микст- инфекциялармен диагностика жасау мақсатында адамдармен қатынасқа түспей , жергілікті емдеу сауықтыру мекемесіне қаралу қажет.
Науқас өзін- өзі емдеу және дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеуі қатерлі асқынуларға (вирустық пневмония, екіншілік бактериалды пневмония, тыныс жетіспеушілігі, менингит, отит, синусит) алып келуі мүмкін. Антибиотиктердің вирусты жұқпаға ешқандай әсер етпейтінін және жұқпадан кейінгі асқынулар кезінде ғана дәрігертағайындалатынын есте сақтаған жөн!
Алдын алу шаралары:
– Дене шынықтыру;
-Жеке бас тазалығын сақтау ;
-Салауатты өмір салтын сақтану (зиянды әдеттерден бас тарту);
-Эпидемия және ЖРВИ кезінде бетперде тағу.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!