Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:00

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

26.07.2023

518

0

«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміз бойынша сайлауалды уәделердің орындалу барысын жүйелі бақылап отыру мақсатында партиялық бекет ашу жұмыстары жалғасуда. Бүгін осындай партиялық бекет Мырзабай ахун ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысына партиялық бақылау бекеті орналастырылды.

Партиялық бақылау бекетінің басты мақсаты – құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақытылы берілуін бақылау, мониторинг жұмыстарын жүргізіп отыратын болады.

Мырзабай ахун ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысы нысанына бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, іргетасын қалау жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі таңда 10-нан аса жұмысшы бар. Алдағы күндері жергілікті тұрғындар арасынан жұмысшыларды алуды жоспарлап отырмыз. Адам өміріндегі басты құндылықтардың бірі – денсаулық. Сондықтан құрылыс жұмыстарын неғұрлым тез аяқтап, халық игілігіне беру. Әрине сапа бұл жерде бірінші кезекте. Жұмыс қарқыны жақсы. Материалдарда жеткілікті – деді мердігер компания өкілі Қоренов Мұқан.

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында қамтылған аталған құрылыс жұмыстарының уақытылы әрі сапалы аяқталуы аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының назарында болады – деді «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева.

Аталған мониторинг жұмыстарына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, құрылыс саласының ардагері Шадаев Әбдіғани және аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Бақыт Абдреева қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: