Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жексенбі, 24 қараша, 01:55

Қазақстандықтар Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда алкогольді көп тұтынады

19.09.2024

256

0

Алкогольді тұтыну бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 180 елдің ішінде 100-ші орында тұр. Елімізде бір адамға шаққанда жылына 5 литр тұтынылады.

Алкогольді тұтыну бойынша алғашқы орындарды Латвия (13,2 литр), Молдова (12,9 литр) және Германия (12,8 литр) иеленді, деп жазды Energyprom.kz.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда Беларусь (10,96 литр), Ресей (10,50 литр) және Украинада (8,34 литр) алкоголь көп, ал Қырғызстан (4, 85 литр), Армения (4,67 литр), Түрікменстан (3,09 литр), Өзбекстан (2,61 литр), Әзербайжан (0,98 литр) және Тәжікстанда (0,88 литр) аз тұтынылады.

Statista мәліметі бойынша 2023 жылы Қытай алкоголь өнімдерін өндіруден түсетін табыс бойынша әлемде бірінші орынға шықты: $335,9 млрд (ал Қытай орташа тұтыну бойынша әлемде 87 орында: бір адамға 6 литр). Одан кейінгі орында АҚШ, Жапония, Ұлыбритания және Германия орналасқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: