Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 06:41

Қазақстандықтардың 3,5 триллион теңге қарызы кешірілді

10.06.2024

548

0

2023 жылы банкрот деп танылған қазақстандықтардың 3,5 триллион теңге қарызы өшірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы жоғарғы есеп палатасы мәлімдеді. Жоғарғы есеп палатасы салық және кедендік басқару бойынша тексеруді аяқтады.

«Оңалту мен банкроттық рәсімдері жеткілікті тиімді емес. Сондай-ақ банкрот пен оңалту рәсімдерінде басқарушылардың әлеуметтік талаптары мен шығындарын өтеуге дейін барады. 2023 жылы банкрот деп танлығандардың төленбеген қарыздары 3,5 триллион теңгеден асады, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн теңге болды», – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ үлестес тұлғаларды банкроттықты басқарушы етіп тағайындау фактілері анықталды, бұл несие берушілердің мүдделеріне нұқсан келтіретін түрлі теріс әрекеттерге жағдай жасайды.

Отырыс барысында палата басшысы Әлихан Смайылов мемлекеттік кірістер комитеті басшылығының назарын бұл механизм арқылы салық төлеуден жалтаруға жол бермеу үшін оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдірудің маңыздылығына аударды. Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Жандос Дүйсембиев барлық анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін несиесі айлығының жартысына тең қазақстандықтарға жаңа несие берілмейтіні туралы жазған едік. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: