Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 16:18

Қазақстанның жаңа премьер-министріне кандидатураны «Аманат» партиясы ұсынады

05.02.2024

558

0

 «Аманат» партиясы Қазақстанның жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

«Конституциямызға сәйкес, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биліктегі «Аманат» саяси партиясы ұсынған кандидатураны қарайды», – деді Берік Уәли.

Мақұлданған жағдайда президент премьер-министрдің кандидатурасын оның келісіміне сәйкес парламент мәжілісіне қарауға жібереді. Мәжіліс келіссе, Тоқаев жаңа премьер-министрді тағайындайды. Одан кейін үкіметті жасақтау басталады.

Еске сала кетейік, бүгін Тоқаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді.

7 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: