Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, еріктілер Жалағаш кентіндегі тамақтану орындарында, дәмханаларда, мейрамханаларда, кафелерде өрттің алдын алу мақсатында нысан егелері мен аспазшыларына өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуы жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізіп, жадынамаларды таратып, ескертпе жасады.
Өрт – тілсіз жау, апат айтып келмейді! Оқыстан тұтанған өрттің зардабы орны толмас өкінішке душар ететіні кәміл. Сондықтан өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаған жөн!
Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!