Бүгін әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын жандандыру мақсатында Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев пен облыстық ұйым төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева қаладағы Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесті.
Кездесу барысында ұжымның еңбек қауіпсіздігі əлеуметтік жағдайымен танысып, қолданыстағы еңбек заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар, кəсіподақ қозғалысын дамыту жөніндегі мəселелері талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
«Бүгінгі таңда облыстық ұйым мен білім басқармасы сала өкілдерінің еңбек қатынастарын реттеуге байланысты, мүдделерді бір арнаға тоғыстырудың тиімді тәжірибесін жүргізіп отыр. Нәтижесінде мүшеліктегі барлық қызметкерлер ұжымдық шарттар арқылы қосымша кепілдіктермен қамтылып келеді», – деді комитет төрағасы Гүлнар Бабабекқызы.
Кездесу аяғында сала қызметкерлеріне ұлт болашағын қалыптастырудағы қажырлы еңбегі үшін білім қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамоталары мен сыйлықтар табыс етілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!