Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:16

Қызылордада «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдікті қамауға алынды

21.11.2023

419

0

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті  «Qnet»  қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды.

Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында «Qnet» компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдың қаңтар айы аралығында 44 млн теңгеге жуық  көлемде ақша қаражаттарын тартқан.

Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан  1 млн 200 мың теңге көлемінде  қаржы салғаны анықталды.

Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланылмайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: