Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:41

Қызылордада жыл басынан бері 23 адам суға кеткен

25.07.2022

672

0

 Облыста жыл басынан бері 23 адам суға кеткен. Өкінішке орай оның 8-і бала. Сала мамандары су айдындарында және жазғы демалыс орындарында қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Соңғы уақытта ауа райының күрт ысуына байланысты облыс тұрғындары бекітілмеген орындарда суға шомылуда. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдындарында күнделікті рейд жүргізіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын күшейтті. Дегенмен, өңірде суға кету жағдайлары азаймай тұр. Мәселен, биыл Сырдария өзенінде – 4 жағдай, каналдарда – 12 жағдай, арықтар мен басқа да су айдындарында – 6 жағдай орын алды. Сонымен қатар жеке тұрғын үйлерде балаларға арналған бассейн де қауіпті екенін айтқым келеді. Жақында ғана «Арай» мөлтек ауданында қараусыз қалған 2 жасар сәби бассейнде суға батып кетті. Сондықтан суға шомылу маусымында сақтық шараларын қаперден шығармай, балаларға абай болған абзал. Қазіргі таңда жедел-құтқару жасағында 49 сүңгуір маман мен барлық техникалар жұмыс істеуде, – деді облыстық ТЖД департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Тоғызбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: