Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Дүйсенбі, 07 сәуiр, 19:47

Сібір жарасы оның алдын алу іс шаралары

07.04.2025

56

0

Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақтала алады. Ауру жеке органды ғана емес, тұтас ағзаны да зақымдайды. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. Ауырған жануардың зәрі мен нәжісінде  ауру қоздырғышы анықталады. Аурудың негізгі жұғу жолы – су арқылы, жем арқылы.

Алдын алу шаралары: 

– Сібір жарасынан қайтыс болған мәйіттердің көмген орындарын анықтау, есепке алу және залалсыздандыру шаралары, сібір жарасы бойынша қолайсыз аймақтардағы жануарлардың екпесін жүргізу.

– Сібір жарасын жұқтырған немесе күдіктелген жануарларды дереу оқшалау. – Қолайсыз тұрғын аймақтарынан жануарлардың әкелінуі мен әкетілуін, ет, сүт және тері шикізаттарының шығарылуын болдырмау.

– Барлық күдікті жағдайлар және малдың қырылуы жайлы дереу түрде ветеринарлық мекемелерге ақпарат беру.

– Малдың қасап алды тексеруіне ветеринарды міндетті түрде шақыру.

– Мәжбүрлі қасап ету кезінде еттің және басқа өнімдердің қауіпсіздігін растау үшін міндетті түрде лабораториялық зерттеулер өткізу қажет. Үй жағдайындағы қасапта терілерді, тері шикізатпен айналысатын мекемелерге өткізу алдында, оларды сібір жарасына лабораториялық зерттеу өткізу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Өзіңіздің денсаулығыңызды қауіп-қатерден сақтау үшін тағамға қолданылатын мал өнімдерін, оларды өңдеуден өткізу тек қана ветеринар сараптамасынан кейін ғана қолданғаныңыз жөн!   Сараптамадан өткен етті сатып алсаңыз да, өзіңізге ереже етіңіз: етті үйде қолғаппен бөлу керек, тақтай, пышақ тек қана шикі етке ғана арналған болуы керек. Оларды ыстық сумен кір сабынмен жуып, қайнаған сумен шайыңыз.   Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда міндетті түрде тез арада медициналық көмекке жүгініңіз, себебі ем неғұрлым ерте басталса, нәтижесі де қолайлы болады.  Есте сақтаңыз: сібір жарасы аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жатады.

Г.Айымбетова – аудандық СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: