Сот кабинеті – мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, тіпті мемлекеттік баж салығында онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады.
Бұл мобильдік қосымша сот құрылымында қолға алынған заманауи технологияның бірі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Сот кабинетінің мобильді қосымшасындағы сервистеріне жеке-жеке сипаттама беретін болсақ, бастапқы жаңалықтар сервисінде істерді қарау тізімдері, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын және уақытын) онлайн режимде табуға болады. Тапсырылған құжаттар сервисі, қосымша пайдаланушысына мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына Сот кабинеті веб-сервисі арқылы жолданған барлық құжаттарды көруге мүмкіндік береді. Хабарлау сервисі, пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға арналған. Сот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді де көре аласыз.
Сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процессінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін (телнұсқасын) беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштер бере алады.
Айта кеткен жөн сот кабинетінің мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. IOS мобильдік платформасындағы «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы – IOS, Android және Windows Phone мобильдік қосымшасы сервистерінің интерфейстерін сипаттайды. Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің веб нұсқасына қарағанда өзіндік артықшылықтары да бар. Тіркелу үшін пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, азамат өзінің ЖСН және ұялы телефон нөмірлерін көрсетсе де жеткілікті. Көрсетілген ұялы телефон нөмеріне қосымшаға кіру үшін хабарлама арқылы құпия сөз келеді.
Сонымен қатар осы сервисті пайдаланушыларға «көмек» көрсету бағыты енгізілген. Онда сот кабинетін пайдалану бойынша нұсқаулық, сот кабинетімен жұмыс істеу жөніндегі анықтама, «Сот кабинеті» мобильді қосымшасының пайдаланушы нұсқаулығы және «Пайдалы сілтемелері» сервисі ұсынылған. «Сот кабинеті» веб-нұсқасымен «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасында жаңалықтар, істерді қарау тізімдері, тапсырылған құжаттар, хабарландырулар, сот процесі қатысушыларының күнтізбесі және чат сервистері үйлестірілген.
Ашықтық пен халықтың сотқа деген сенімін одан әрі арттыру мақсатында қолға алынған бұл мобильдік қосымша уақытты тиімді пайдалануға және жылдам хабар алуға мүмкіндік беріп келеді.
Ж.ҚОҢЫРБАЕВ,
Жалағаш аудандық сотының бас маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!