Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 03:39

Тазалық табалдырықтан басталады

20.04.2024

2054

0

Соңғы уақытта кентке табан тіреген қонақтар туған өлкеміздің тазалығына, жасыл-желекті көшелерімізге тамсанып жатады. Иә, кентті көркейтіп-көгалдандыру бойынша бірқатар тынымды тірлік бар. Көктем келісімен жалағаштықтар сенбілікке шығып, көше, аула тазалығына белсене араласуда. Жергілікті шаруашылықтар да арнайы техникаларын шығарып, су келетін арықтарды қазу, қоқыстарды арнайы орындарға жеткізу секілді ауқымды жұмыстарға үлес қосуда. Міне, сол бірлікпен келген тірліктің нәтижесі көз алдымызда.

Осы орайда «Руханият» орталы­ғында аудан әкімі Ардақ Ибраимов кенттегі көше комитеттерімен кездесу өткізді. Жиынға ардагерлер, кент тұр­ғын­дары, көше комитеттері, аудандық мәс­лихат де­путаттары, аудандық қо­ғамдық ке­ңес мүшелері, кәсіпкерлер мен жергі­лікті қоғамдастық мүшелері қатысты.
Наурыз айынан бастап аудан кө­ле­мінде көркейту және көгалдандыру жұмыстарының іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда аудан тұрғындары көк­темгі көркейту жұмыстары, аула­дағы бау-бақшаны күтіп-баптау секілді жұ­­­мыстар жасауда. Таяуда ғана Мем­­­лекет басшысы елімізде «Таза Қа­­зақстан» экологиялық акциясы аясында аумақтарды абаттандыру, көгал­­­­дандыру жөнінде бірқатар тап­сыр­­ма жүктеп, аймақ басшысы да өз үндеуін жариялады.
Аудан тұрғындарымен өткен кезде­суде ең әуелі тазалық мәселесіне ден қойған аудан басшысы Ардақ Әбді­ғап­парұлы тазалық әркімнің өз аула­сынан, табалдырығынан басталуы тиіс екенін жеткізді.
– Туған жердің көркеюіне, гүлде­нуіне үлес қосу әрбір тұрғынның аза­мат­тық парызы деп есептеймін. Көк­темнің жайма-шуақ күндерінде ауыл­­дарда, кентте көркейту жұмыс­тары жүруде, бұл шаруаны әрбір аза­мат өз ауласынан бастағаны жөн. Өз ауламызға тазалық жұмыстарын жүр­гізіп қана қоймай, саялы ағаш отыр­ғызып, гүл егіп, үйімізді ақтап, қақ­памызды сырлап қойсақ, үй-жайымыз да жаңарып қалады, екінші жағынан кенттің тазалық жұмыстарына да үле­сімізді қосқан болар едік. Тазалық акцияларына, санитарлық жұмыстарға белсене қатысып, көпке үлгі болып жүрген Т.Жүргенов, С.Қалыбаев көше­ле­рінің тұрғындарын ерекше атап өтуге болады, – дейді аудна әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы.
Аймақ басшы­сы Нұрлыбек Машбекұлының бас­та­масымен был­тыр облыста «Үлгілі елді мекен» конкурсы өтіп, жеңімпаздарға арнайы ауыл ша­­руашылығы техникалары та­быс­талды. Конкурстың «Үздік ауыл» но­ми­нациясы бойынша Таң ауылы ІІ орын иеленді. Сондай-ақ өткен жылы ауданда «Үздік аула – 2023» байқауы ұйым­дастырылып, жеңімпаздарға ар­найы диплом мен қаржылай сыйлық­тар табысталған.
Осы жобалардың жалғасы ретінде биыл ауданда тұңғыш рет «Жасыл көше – 2024» байқауын өткізу жоспарлануда. Тұрғындар аулалары мен қатар өздері тұратын көше бо­йын абаттандырып, аяқ су жүретін арықтарды қазып, кент келбетінің көр­­кеюіне үлес қосуы тиіс. Аталған байқаудың жеңімпаздарына қомақты қаржылай сыйлықтар табысталады.
Келелі кездесуде аудандық мәс­лихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожатай Құлмахан, ардагер Ол­жа­бай Жаңабергенов, аудандық ақса­қалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Тәуіпбаев тазалық мәселесі мен кентті көркейтіп-көгалдандыру аясындағы жұ­­мыстарды тарқатып, аудан тұрғын­дарын тазалық маусымында бел­сенділік танытуға, өзіміз тұратын өл­кенің дамуына атса­лысуға шақырды.
Айта кету керек, кентте барлығы 85 шақырымды құрайтын 71 көше бар. 2023 жылы облыстық бюжеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, 11 көше жөндеуден өткен. Осының негізінде бүгінде асфальт төселген жол­дардың үлесі 94 пайызға, жа­рықтандырылған көшелердің үлесі 55 пайызға жеткен.

Жандос МАХМҰТҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: