Жандос Өмірәлиев бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарпламада.
Бұл ретте Тимур Тәшімбаев Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, бұған дейін Жандос Өмірәлиев бас прокурордың орынбасары болған.
Фото:gov.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!