«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 8-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды кәсіпорынның ресми сайты.
Ондағы деректерге қарағанда, 8 шілдеде оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпал етеді. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, орталықта, күндіз солтүстікте нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!