Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Дүйсенбі, 23 қыркүйек, 23:34

Бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі

27.01.2024

355

0

Жыл бойы қазақстандық ғалымдар мен түрлі салалардың сарапшылары Қазақстан аумағында бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеді. Зерттей келе олар қазіргі сағат адам денсаулығына зиян екенін анықтады. Ал бұл өзгеріс халыққа қалай әсер етуде?

Жалпы Қазақстанда негізінен екі уақыт белдеуі қолданылады. Оның бірі – UTC+5 және екіншісі – UTC+6. Ақпан айында уақыт белдеуіне зерттеу үшін арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Олардың мәліметінше, UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәкес келмейді, сонымен қатар адам денсаулығына да зиян тигізетін көрінеді. Сондықтан сарапшылар ағзаның биологиялық сағаттарын сақтау үшін ел бойынша UTC+5 бірыңғай уақытына көшуді ұсынып отыр.
– Атырау, БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары 4-ші сағат белдеуі UTC+4, UTC+1 орналасса, Астана, Шымкент қалалары мен қалған 14 облыс 5-ші уақыт UTC+5, UTC+1 белдеуінде. Адамның денсаулығы, экономика және қауіпсіздігі үшін табиғи уақытқа барынша жақын және тұрақты UTC+5 уақыт белдеуі. Сондықтан қоғам белсенділері мен депутаттар осы мәселені көтеріп келеді, – дейді техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.
Біріңғай уақыт белдеуіне көшу тек қана ден­саулыққа ғана пайдасын беріп қоймай, өңірлер арасындағы уақытша кедергілерді де жояды. Сондай-ақ коммуникациялар мен бизнес-процестерді үйлес­тіруді жақсартады, экономиканың дамуына және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына ықпал етеді. Бұл мәселе бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл депутаттық сауал жолдаған.
– Бірнеше жыл бойы бір топ азамат уақыт мәселесін көтеріп жүрді. Елімізде жалпы ШҚО болмаса, қалғандарында табиғи уақытпен айыр­машылық бар. Мысалы, Қостанайда жазда 11-ге дейін күн батпайды. 11-ден кейін ғана 12-ге жақын күн бата бастайды. Бірыңғай белдеу болғасын бас­қару денсаулыққа да оң әсер етеді. Бір сағат және бірнеше сағат есебімен. Ал Қостанайдың аудан­дарында екі сағатқа дейін жақын. Сол себепті осы мәселені көтеріп жүрген азаматтар біраз дауласып, облыстық әкімшілікті сотқа да берді. Сондықтан осы тақырыпты әлі күнге дейін көтеріп жүрмін. Басында қарсы болдым. Жалпы басында мен уақытты ауыстыруға емес, Астана мен әртүрлі белдеуде бо­луға қарсылық таныттым. Бұл экономикаға да әсер етеді,– дейді депутат Еркін Әбіл.
Жұмыс тобының зерттеуі халықаралық тәжі­рибені талдауды да қамтыды. Әлемдегі 175 ел қа­зірдің өзінде бірыңғай уақыт белдеуін пайда­ланады. Сарапшылар бұл осы бастаманың өзекті­лігін көр­сететінін де айтып өтті.
Осылайша енді Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет­тің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана мен Алматының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыс­тарында 2024 жылы 29 ақпаннан 1 наурызға қара­ған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағат артқа жылжиды.
Әлеуметтік желілерде тараған бұл хабарға халық та оң көзқарас танытып отқаны байқалады. Себебі Астана, Алматы, ШҚО тұрғындары күн тез ба­тып, қазіргі уақыт тұрғындарға да қолайсыз екенін айтады. Жалпы ұсыныстың қолдау тапқаны да халыққа пайдалы. Бұл шешім болашақта қазақстандықтардың денсаулығына да оң әсерін тигізіп, экономиканың дамуына да өз үлесін қосады деп үміттенеміз.
Қызықты деректерге тоқталсам, Ұлыбритания өз аумағында бірыңғай стандартты уақытты енгізу туралы шешім қабылдаған бірінші ел атанды. Содан кейін бұл бастамаға АҚШ, Жапония, Канада және Ресей сияқты басқа да елдер қосылды. Осылайша әлемде уақыт белдеуі пайда болды. ХІХ ғасырдың аяғында өткен халықаралық меридиандық конфе­ренцияда «нөлдік» меридиан нүктесі ретінде Гринвичтегі Британ обсерваториясын алып, Жерді 24 сағаттық аймақтарға бөлу туралы келісімге келді. Үндістан мен Непал арасындағы 15 минуттық уақыт туралы оқып, таңғалған шығарсыз. Непал өзі­нің еркіндігін көрсету үшін сағатын көршілес Үн­дістаннан 10 минут бұрын қоюды ұйғарды. 1986 жылы бұл непалдықтар үшін жеткіліксіз болып көрінді және олар көршімен арадағы алшақ­тықты тағы 5 минутқа көбейтуді шешті.

Ақнұр БОЛАТҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: