Бүгін – Ұлттық басылым күні. 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласынан «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көріп, оқушы қауымға жол тартты.
«2023 жылы Үкімет қаулысымен 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. 111 жыл бұрын 2 ақпан күні «Қазақ» газетінің бірінші нөмірі шықты. Оның бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрды. «Қазақ» газетінде Мұстафа Шоқай, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Халел Досмұхамедов және тағы басқа танымал қоғам қайраткерлері өз мақалаларын жариялады. Қазақ зиялылары құрған газет ұлттық жаңғырудың қайнар көзі болды. Сол себепті осы датаны Ұлттық басылым күні ретінде атап өтудің маңызы зор», деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!