Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 29 қараша, 01:41

Үш жасар қызды құтқарып қалған қызылордалық отандық әншімен дуэт айтпақ

06.02.2024

413

0

Сәбит Шонтақбаев 2022 жылдың 11 мамырында Астананың сол жағалауындағы үйлердің бірінен құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған болатын. «Ерлігі үшін» медалінің иегері отандық бағдарламада Альбина Шардаровамен ән айтпақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

«Сәбит Шонтақбаев – «Ерлігі үшін» медалінің иегері. Осыдан 2 жыл бұрынғы оқиға оның есінен әлі кетпеген. Ол құтқарып қалған кішкентай қыздың отбасымен араласып тұрады. Сәбит мырза көпбалалы әкелердің қатарында. Жаңа жобада оның жұбы Альбина Шардарова болмақ», – деп жазды Qazaqstantv Instagram желісіндегі парақшасында. 

Ал Шонтақбаевтың өзі сахнада өлең айтудың алғашында ауыр болғанын жасырмады. 

«Әу демейтін қазақ жоқ қой. Арасында ән шырқап тұратыным бар. Бірақ, кәсіби әнші емеспіз ғой. Сахнаның ауа райы бөлек болады екен. Сахнада өлең айту ең алғаш ауыр болды. Енді екінші түсірілімге түсеміз. Шамалы денем үйреніп қалды», – деді Шонтақбаев сұхбат барысында. 

Естеріңізде болса, Сәбитке үлкен ерлік көрсеткені үшін еліміздегі құрылыс компанияларының бірі үш бөлмелі пәтер сыйға тартқан болатын. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: