Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 29 қараша, 01:05

2007 жылғы жігіттің денесі табылды

08.02.2024

437

0

Алматыда лай көшкіні кезінде қаза тапқан адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақпаратқа сәйкес, Алматыдағы лай көшкіні болған жерде жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен топырақтың лайлануына байланысты техногендік сипаттағы лай көшкіні ғимаратты зақымдаған. Соның салдарынан алдын ала қаза тапқан ер адамның денесі табылды. Кейінірек Төтенше жағдайлар министрлігі қайтыс болған ер адам емес, 2007 жылы туған жас жігіт екенін мәлім етті.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: