Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 07:34

Салық базасын ұлғайту –
маңызды міндет

16.04.2024

529

0

Аймақта бюджеттің тиімділігін арттыру аясында салық базасын ұлғайту мәселелері апта сайын қаралуда. Бюджетті тиімді басқару және сапалы жоспарлау – басты міндетіміз. Осы ретте кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті.

Мәжілісте салық базасын ұлғайту шаралары талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов салық базасын ұлғайтуға байланысты берілген тапсырмалардың орындалуы мен жұмысшы топтың атқарған ісі жөнінде баяндама жасады.
– 2024 жылға өз кірістеріміздің нақ­тыланған жоспары 2 млрд 196 млн тең­гені құрайды. 1 сәуірге жоспар – 473,6 млн теңге, орындалуы – 525,7 млн теңге. Өз кірістеріміздің 49 пайызын заңды тұлғалардың мү­лік салығы құрайды. Негізгі бөлігі 5 ірі компанияның мүлік салығы есе­бі­­­нен қалыптасады. 2024 жылға мүлік салығы 1 млрд 70 млн теңгеге жос­пар­ланған болса, компаниялардың тап­сырған декларациясы бойынша мү­лік салығының көлемі төмендетіліп, 760 млн теңгені құрап отыр. Бүгінгі күнге 2024 жылдың қорытындысымен кірістер болжамының орындалуы 86,8 пайызға төмендеп 263 млн 920 мың теңгеге атқарылмайтыны белгілі болып отыр, – дейді Арнұр Әлібекұлы.
Салық және бюджетке төленетін төлемдердің қосымша резервін анық­тау мақсатында аудандық кірістер бас­қармасы, аудандық кәсіпкерлік, құрылыс бөлімі, аудандық ауыл ша­руашылығы және жер қатынастары бөлімі, кент және ауылдық округі әкім­дерімен бірлескен жұмысшы то­бына кент, ауылдық округ бойынша әрбір кәсіптік нысандарға түгендеу жұмыс­тарын жүргізу тапсырылған.
Жұмысшы топтың түгендеу нәтиже­сімен кентте тіркелмеген 7 жарнама объектісі анықталып, меншік иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сон­­дай-ақ аудандық кәсіпкерлік және өнер­­кәсіп бөлімі кент орталығында ор­на­ласқан біршама кәсіпкерлік ны­сан­дарға мониторинг жұмыстарын жүргізген.
Мониторинг нәтижесінде кент ор­та­лығындағы 25 кәсіп иелерінің құ­жат­тарын тексеру барысында 10 кә­сіпкердің құжаттары заңға сәйкес рә­сімделсе, қалған 15 кәсіпкерлік нысанның құжаттары рәсімделмеген немесе жасату үстінде екені анықталған.
Кент орталығында орналасқан кә­сіптік нысандардың меншік иелеріне жердi оның нысаналы мақсатына сәй­кес, ал уақытша жер пайдалану кезiнде – жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына сәйкес пайдалануды немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын коммерциялық мақсатқа өз­герту қажеттілігі түсіндірілген. Алай­да Арнұр Әлібекұлы жұмысшы топ­тың жұмысы әлі де өз деңгейінде то­лыққанды жүргізілмегенін тілге тиек етті. Айтуынша, тапсырма бойын­ша кент, ауылдық округтерді қамту қа­жет болса, жұмысшы топ тек кент ор­­та­лығымен ғана шектелген, яғни кент­тің Дәуімбай учаскесі мен ауылдық округ­терге мониторинг мүлдем жүргізілмеген.
Сонымен қатар 2023 жылға елді мекендерде салықтық декларацияға нақты тапқан табыс көлемін көрсетпей нөлдік есептілік тапсырған 63 шаруа қожалығы анықталған. 1040 жеке кә­сіпкер нөлдік есептілік тапсырған. Бұдан бөлек 502 кәсіпкер салықтық есептіліктерін мүлдем тапсырмаған.
Ерекше атап өтетін мәселе, 2023 жылы декларацияға нақты тапқан табыс көлемін көрсетпей нөлдік есептілік тап­сырған 63 шаруа қожалықтың 17-і 140,4 млн теңге мемлекеттен субсидия алған.
– Қазіргі таңда кент және ауылдық округ әкімдері «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында аудандық бюд­жеттен бөлінген қаржыға елді мекенде күтіп ұстау жұмыстарын атқарып отыр. Осы ретте, кент және ауылдық округ әкімдері аудандық бюджетке тәуелділігін азайту мақсатында нақты жұмыстарды атқаруы тиіс. Аудандық бюджетке тәуелділігін азайтудың бір­ден бір жолы – инвестиция тарту. Өздеріңізге белгілі, 2023 жылдың қоры­тындысымен жеке қаражат есебінен 17 жобаны іске асы­рып, ауданға барлығы 560 млн теңгені құрайтын инвестиция тар­тылған. Қазіргі таңда, осындай жұмыс Мәдениет ауылдық округінде іске асырылуда. Атап айтқанда жеке кәсіпкерлер елді мекенге құны 10 млн теңгені құрайтын балалар ойын алаңын салуда. Ал, кейбір ауылдық ок­ругте бұл бағытта мүлдем жұмыстар атқа­рылмай келеді, – деді аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы.
Ауылдық округ әкімдеріне елді ме­кеннің халқына жұмыс жасау керек­тігін ескерткен аудан басшысы, бе­рілген тапсырмалардың уақытылы орын­да­луын тапсырды.


Ақтоты БҮРКІТБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: