Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» сауықтыру лагері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өз жұмысын бастау үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталмыш лагерьге аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, Жалағаш аудандық маслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Қуат Ахетов, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Дәулет Қалдыгүл және аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Садықовпен бірге мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жылдың 23 маусым күні аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясында «Ақтерек» сауықтыру лагерінің дайындығы бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізу бойынша хаттамалық тапсырма берілген болатын. Бүгін аталған хаттамадағы ұсыныс бойынша мониторинг жұмыстары жүргізіліп лагердегі ұйымдастырушылық іс-шараларға байланысты және тазалық жұмыстары бойынша ұсыныстар айтылды. Лагерь жұмыстарының ұйымдастырылуы алдағы уақытта партия бақылауында болатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!