Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Дүйсенбі, 31 тамыз, 02:06

Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 750 адамға жетті

30.08.2026

4

0

Непал мен Тибет шекарасында болған жойқын су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 750 адамға жетті. Оның 16-сы Тибет аумағында көз жұмған. Бұл туралы The Kathmandu Post басылымы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Непал билігінің соңғы мәліметінше, табиғи апат салдарынан елде 750 адам қаза тауып, 2 498 адам хабар-ошарсыз кеткен. Жоғалғандар арасында 589 шетел азаматы бар.

Қазіргі уақытта апаттан зардап шеккен барлық аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқару және гуманитарлық операцияларға 19 895 қауіпсіздік қызметкері тартылған. Олардың ішінде Непал армиясының 8 399 әскери қызметшісі, 7 213 полиция қызметкері және Қарулы полиция күштерінің 4 203 қызметкері бар.

Ресми дерекке сәйкес, күштік құрылымдардың қызметкерлері апат аймағынан 8 186 адамды құтқарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: