Жалағаш ауданында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Салтанатты шара барысында аудан мақтаныштары көк туымызды көтеріп, көшелерді жүріп өтті.
Шеруге аудандық полиция бөлімінің, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, еріктілер, өз саласының үздіктері, спорт саңлақтары, ақ халатты абзал жандар, аудан мақтаныштары қатысты.
Сонымен қатар, аудандағы мемлекеттік мекемелердің қатысуымен автошеру, велошеру ұйымдастырылып, автокөліктер мен велосипедшілер кент көшелерінде сап түзеп, жүріп өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!