Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Жексенбі, 29 желтоқсан, 21:58

Жол – қателікті кешірмейді

16.06.2022

665

0

Елімізде ішімдік ішіп көлік жүргізгендер қатаң жазаланады. Алайда соған қарамастан қоғамда ішімдік ішіп көлік тізгіндегендердің қатары сейілмей тұр.

Көлікті масаң күйде басқару – өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіріп, қозғалыстың басқа қатысушыларына аса қауіп тудыратын әрекет болып табылады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған еді. Бұл құжат өткен жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енді. Осы заң арқылы көлікті масаң күйде жүргізгендер бұрынғыдай жүргізуші куәлігінен айырылып, өздері сытылып кетпейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енген өзгерістерге сәйкес, олар қосымша 15 тәулікке қамалатын болды. Ал жеті жыл бойы көлік құралын жүргізе алмайды. Заң солай. Бұл адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргендерге де тікелей қатысты.

Осыған дейін қолданыста болған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің талабына сәйкес көлік құралын басқаратын адамның полиция қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағаны үшін үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделсе, қазіргі заңнамаға енгізілген өзгеріске сәйкес кінәлі тұлғаны он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы белгіленді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне алкогольдік есірткілік, немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқарған адамның жол жүрісі немесе көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 345-1 бап бойынша жауаптылық енгізілді.

Осы баптың талабына сәйкес мас күйіндегі адам көлік құралын басқарып, жол қозғалысы ережесін бұзып, абайсызда жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген жағдайда он жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, ауыр жаза түрі ретінде 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделген.

Сондай-ақ, осындай жағдайлар арқылы жәбірленушінің денсаулығына орташа жағдайдағы зиян келтірілсе, он жылға көлік жүргізу құқынан айырылып, бір жылға бас бостандығы шектеледі. Ал ауыр зиян келтірілсе, үш жылға бас бостандығы шектелуі мүмкін. Егер де екі немесе одан да көп адамның өліміне себепкер болса, жеті – он жыл аралығында бас бостандығынан айырылады.

Жәбірленушінің денсаулығына абайсызда ауыр зиян келген жағдайда он жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Адам өліміне әкеп соқса он жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал егер екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан әрекетті жасаған жағдайда өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Р.АККАСИНОВ,

                                                                               Жалағаш аудандық сотының бас маманы,

                                                                                     Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: