Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 01:02

«Халал» өнімдерге сұраныс артқан

27.08.2024

375

0

Дүкенге азық-түлік сатып алуға бара қалсақ, сатушыдан «Мынау өнім халал ма?» деп сұрай жөнелетіндер бар. Жалпы халал ұғымы денсаулыққа зиянсыз өнімдер мен қызметтерді білдіреді. «Халал тағам» дегенде оның құрамында тек шошқа етінің болмауын ғана білдіру шарт емес. Осыған сәйкес Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті қабылдаған стандарттарда біраз шаралар кешені қарастырылған.

Бүгінде халал өнімдерге деген сұ­раныс әлемнің мұсылман емес тұр-ғын­дары арасында да арта түс­кенін байқауға болады. Алайда қа­зір дүкен сөрелерінде құрамында шошқа еті, жануарлардың қаны мен ГМО бар өнімдер қаптап кеткен. Жал­пы «халал» белгісі бар өнімдерде канцерогенді, түрлі зиянды консер­ванттар мен та­ғам­дық қоспаларға тыйым салынған. Күнделікті өмірде пайдаланатын та­ғам­дар мен тұты­натын заттарына жіті көңіл бө­летін са­тып алушылар са­паның бі­рінші ке­зекте тұруын талап етеді. Сон­дықтан «халал» белгісі сапа мен қауіпсіздіктің синониміне айналған деуге болады.
Дүниежүзінде халал азық-түлік на­­рығы бүгінде 1,5 млрд доллардан 2,2 млрд долларға дейін бағаланады. Сарапшылардың зерттеуі бойынша, бұл көрсеткіш 2028 жылы 4,1 млрд долларға дейін ұлғаяды деп күтіледі. Сонымен қатар әлемдегі мұсылман халқының өсу факторына сәйкес, 2025 жылға қарай аталған өнімнің үлесі өндірілетін барлық өнімнің кем де­генде 20 пайызын құрауы мүмкін.
Елімізде осы өнім түрін өндіретін 4 мыңнан астам кәсіпорын бар. Адам азғасына қауіпсіз, тексерістен өт­кен, сертификаты бар өнімге де­ген сұ­ра­ныстың артуы отандық халал өнім­дердің экспорттық мүмкін­­дігін ұл­­ғай­­тып отыр. Бізде бұл өнімді да­мы­туға мемлекеттік дең­гейде 18 ұлттық стандарт, ТМД елдері үшін мем­ле­кетаралық стан­дарт­тың 11 жо­басы әзірленген. Онда мал сою, ту­ризм, қызмет көр­сету, сер­ти­фи­кат­тау жөніндегі органдардың жұмыстарына байланысты та­лаптарды қамтыған.
Қазақстан мұсылмандары діни бас­қ­армасы жанындағы «Халал да­му» орталығы, «ҚазСтандарт» рес­пуб­ликалық кәсіпорны, «Қазақстан халал индустриясы» қауым­дастығы мен «Halal Quality Center» ЖШС халал серти­фикатын бе­ру­мен айналысады. Былтыр бі­рінші жартыжылдықта халал ет және ет өнімдері 83 млн долларға, ал жануарлар мен өсімдік­тер­ден алы­натын дайын азық-түлік тауар­лары 2,7 млрд доллар шама­сында экспортқа шығарылған. Бұл көр­сет­кіш биыл 122 млн долларға немесе шамамен 5 пайызға өскен.
Техникалық реттеу және метро­ло­гия комитетінің мәліметінше, еліміздің тамақ өнім­де­ріне бірыңғай техникалық регламент бойынша 100-ден астам аккре­дит­телген зертхана жұмыс іс­тейді. Оның 37-сі компоненттердің, соның ішін­де шошқа етінің ДНҚ-сын анық­тайды. Сертификаттау ерікті не­гізде жүргізілетініне қарамастан, атал­ған ұйымдар соңғы 10 жыл ішінде шұжық, ұн, кондитерлік өнім, сусын, жартылай фабрикат, сүт және бал өндіретін отандық кәсіпорындарға 1300-ден астам сертификат берген. Сарапшылардың бағалауынша, бү­гінде ет өнімдерінің 70 пайызы және тауарлар мен қызметтер негізгі на­ры­ғының 65 пайызы өздерін халал ретінде көрсетеді.
Біздің халал өнімдер Еуроодақ, АҚШ пен Қытай елдері арасында жо­­ғары сұранысқа ие. Сонымен бірге Түркия, Иран, Ресей, Орталық Азия елдеріне экспорттау белсенді жалғасып келеді. Алайда тұ­­тыну­шы­лар арасында халал өні­­міне кү­мәнмен қараушылар да жет­кілікті. Сер­тификатты оңды-солды таратушы компаниялардың да, «халал» белгісін өздігінен өнім­дерге жа­быстыра бе­ретін өндіру­шілердің де бар екенін жоққа шы­ға­руға болмайды.


Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, 2015 жылдан 2022 жыл аралығында іріктелген 1 406 өнімнің 3-4 пайызынан шошқа етінің компоненттері табылған. Сон­дықтан сарапшылар жалған халал зат­­тарға ұрынып қалмау үшін өнім­ге мұқият мән беруге, тек ха­лал өнім­дерін сататын маман­дан­ды­рыл­ған дүкен­дерге баруға кеңес береді.


Сондай-ақ бүгінде мал етін сату­шылар өлген малды да жіліктеп, халыққа өткізе­тінін жиі еститін бол­дық. Иә, сату­шы­лар­дың мұндай ха­рам әрекетін халыққа бағытталған қас­тандық деуге де болады. Сон­дықтан ұрпағы­мыз­дың дені сау бол­сын десек, әсіресе сатушылар ар-ұятқа ерекше мән берсе екен.

Жандос МАХМҰТҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: