Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 16:33

Несие беру көлемі өсті

13.09.2024

926

0

Елдегі қаржы ұйымдарының табысы еселеніп, мерзімі өткен берешек көлемі артып жатыр. Тамыз айындағы есепке сүйенсек, екінші деңгейлі банк активінің жалпы жиынтығы – 56,8 трлн теңге, ал несие портфелі 32,5 трлн теңге деңгейінде тұр. Жыл басынан бері несие портфеліндегі төленбегеніне 90 күннен асқан берешек үлесі артып, 1 трлн теңгеге дейін өскен.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша, осы жылдың тамыз айындағы ЕДБ қаржылық есебінде банктердің таза табыс көлемі 1,4 трлн теңге болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 16,7%-ға көп. 21 банктің ішінде ең табысы жоғары – «Halyk Bank» (444,2 млрд теңге). Екінші орында – «Kaspi» (281,9 млрд), үшінші орында – «ЦентрКредитБанкі» (101,8 млрд теңге). Одан кейінгі орындар «Forte Bank» (89,1 млрд) пен «Jusan Bank»-ке (83,7 млрд теңге) тиесілі. Қалған 16 банктің жиынтық табысы – 388,1 млрд теңге. Сонда кірісі мол 5 банктің жалпы ЕДБ табысындағы үлесі 72%-ды құрап отыр.

Бұл деректер банк активтері жыл басынан бері 10,4%-ға өскенін көр­сетеді. Ұлттық банк жариялаған тамыз айының есебіне қарасақ, екінші деңгейлі банктердің тамыз айындағы жағдай бойынша жиынтық актив көлемі 56,8 трлн теңгеге жеткен. Жыл басынан бері активтер көлемі 5,3 трлн теңгеге, яғни 10,4%-ға көбейген.

21 банктің ішінде тек 4 банктің активі азайған. «Қытай сауда-өнеркәсіп банкі» (-0,01%), «Қазақстан-Зират халықаралық банкі» (-6,2%), «ВТБ банк» (-6,8%) және «Al Hilal» банкі (-16,3%) теріс динамика көрсетіп отыр.

Қаржы институттарындағы мерзімі өткен берешек көлемі ұлғайып келеді. ЕДБ несие порт­феліндегі 90 күннен астам мер­зімі өткен берешек үлесі 3,14%-ға жетіп отыр. Сандық мән­де есептесек, жыл басынан бері мұндай «үмітсіз берешек» кө­лемі 155,8 млрд теңгені құрай­ды.

Банктердің экономикаға берген кредиті 2024 жылғы шілдеде 1,4%-ға, 30,5 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 9,3%-ға өскен) ұлғайды. Ұлттық валютада берілген кредит 1,5%-ға, 28,0 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы несие 1,1%-ға, 2,6 трлн теңгеге дейін көбейді.

Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы шілдеде 2,2%-ға ұлғайып, 18,7 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бастап 12,3%-ға өскен). Халыққа берілген кредит құрылымында тұтынушылық қарыз 12,0 трлн теңгеге артты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: