Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сенбі, 23 қараша, 08:01

Күрішші Әбілтай

08.10.2024

324

0

Күз – береке мен мерекенің, ырыс пен несібенің мезгілі. Егіс алқаптары мен қырман басында қарқынды жұмыс жүріп, тау-тау астықтың ел қамбасына құйылар шағы. Бір сөзбен айтқанда, дала дарабоздарының күн-түн демей тіршілік қылатын кезі. Биыл аққырлық Әбілтай Орынбаев бірінші рет күріш егіпті. Ала жаздай атыз басында тер төккен диқан егістігіндегі өнімнің шығымына қарап оның бұл салада айтарлықтай тәжірибесі бар-ау дерсің.

Таңның атысы, кештің батысына қарамай, алқап басындағы бейнетке ат салысып, егін егіп, суарып, баптап, оны төкпей-шашпай жинап алуға қам­данған аққырлық ағайындардың бүгін­де қуанышында шек жоқ. Бұған дейін екі қолға бір күрек тауып, тіршілік қыл­­ған олар енді өз нәпақаларын егіс ал­қа­бынан табуда. «Ер-Әлі» шаруа­қо­жа­лығының күрішшісі, кейіпкеріміз Әбілтай Орынбаев бұған дейін түрлі жұмыстың басын біріктіріп, биыл ал­ғаш рет күріш баптаған. Егіс алқабындағы 5 кү­ріш­шінің 4-еуі – ақ­қырлық азамат, біреуі – Жаңаталап ауылының тұрғыны.
– Бұрын-соңды күріш егіп көрмегесін бастапқыда сәл қиындау болды. Әйт­се де, уақыт өте келе тә­жірибелі ди­қандардан егіннің қыр-сырын мең­гер­дік. Күріш те бала сияқ­ты, қалай бап­тасаң, солай өнімін береді. Күріштің дұ­рыс шығуы үшін, егін­жайға орақ түскенше оны уақытылы суа­рып, ыс­тық күндері күтімін күшейтіп, көзі­міздің қарашығындай қарадық. Алғаш рет егіп отырғандықтан «Қалай болар екен?» деген іштей уайым болғаны рас. Дегенмен күндіз-түні жасаған еңбегіміз еш кетпеді. Жер ана ырыс-несібемізді мо­­лынан берді. Оған өзіңіз көргендей жай­қалған егістік дәлел, – дейді дала дарабозы.
Иә, кейіпкеріміздің сөзінің жаны бар, баптай білгенге, жер жомарт қой. Алғаш рет егіс алқабында еңбек етсе де, өзіне артылған сенімді ақтауға тырысқан кү­рішші қамбаға мол өнім құюға бел буған. Шаруашылықтағы кәнігі диқан­дармен қатар кетпен асынып, таң бо­зарғаннан егістікке қарай бет алып, ала жаздай тыным таппаған. Мамырдың аяғында дәнді сеуіп бастаған ол маусым айының басына дейін егістікке күріштің «Маршал» сұрпын еккен. Дала да­рабозының айтуынша, күріш сұр­пы­ның пісіп-жетілу мерзімі – 120 күн.
– Аяқсудан ешқандай кедергі бол­ған жоқ. Арнайы насоспен суарып, уақытылы күтім жасадық. Келер жылы бұдан да жоғары өнім аламыз деген жоспарымыз бар. Биыл бірінші жыл бол­ғасын білмейтініміз әлі де көп. Жұ­мы­сымызды әлі де жетілдіреміз. Ал­ғашқы жылға жаман емес, – дейді кейіпкеріміз.
Әбілтай Орынбаевтың негізгі ма­ман­дығы – жүргізуші. Бүгінге дейін ауыл­­дағы құрылыс саласында еңбек еткен, бау-бақ­ша өнімдерін еккен ол, ендігі жерде егістік алқабында өзіндік қол­­таңбасын қалдыруға бар күш-жі­герін салмақ.
Ақтоты БҮРКІТБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: