Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жексенбі, 24 қараша, 06:05

Жыл басынан бері қанша қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды?

18.10.2024

847

0

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері қанша қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылғанын Massaget.kz тілшісіне хабарлады. Көш басында Қарағанды облысы тұр.

Жыл басынан бері ІІМ мәліметтері бойынша 22 773 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылыпты. Олардың басым бөлігі, яғни 18 мыңнан аса жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген.

«Жүргізуші куәлігінен айырылудың негізгі себептері – көлікті алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жүргізу, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру болып табылады», – делінген хабарламада.

Өңірлер бойынша соңғы екі жыл ішінде (2023 жылы және 2024 жылғы 9 айда) жүргізуші куәлігінен айырылғандардың саны салыстырмалы түрде төмендегідей болып тұр:

Астана қ. 2156–2136

Алматы қ. 3157–2656

Шымкент қ. 1501–1674

Абай обл. 592–539

Ақмола обл. 1593–1239

Ақтөбе обл. 1987–1617

Алматы обл. 749–961

Атырау обл. 937–912

ШҚО 1454–1442

Жамбыл обл. 732–608

Жетісу обл. 370–473

БҚО 1522–1189

Қарағанды обл. 2273–1983

Қостанай обл. 1001–905

Қызылорда обл. 896–616

Маңғыстау обл. 770–919

Павлодар обл. 1012–928

СҚО 929–706

Түркістан обл. 1109–1055

Ұлытау обл. 202–215

Ал жүргізуші куәлігін қайтарып беру бойынша 2024 жылы 7900 мемлекеттік қызмет көрсетілген екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: