Бокстан Таиландтағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Отандасымыз Айбек Оралбай ел қоржынына төртінші алтынды еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбек Оралбай (92+ кг) Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында қытайлық Абудурексити Ремуланы 5:0 есебімен жеңді.
Сонымен Қазақстан ерлер құрамасы екінші орынға тұрақтады. Құрама спортшылары төрт алтын, бес күміс және бір қолаға қол жеткізді.
Бұған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасының Азия чемпионатындағы алтыншы алтынын 54 келі салмақта Махмұд Сабырхан жеңіп алған болатын. Қазақстан құрамасы үшін жетінші жоғары жүлдені Бекзад Нұрдәулетов 86 келі салмақта өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен жекпе-жегінде жеңіп алды. Сондай-ақ Сағындық Тоғамбай қарсыласы Тәжікстан өкілі Парвиз Каримовты мерзімінен бұрын жеңіп, елге сегізінші алтынды сыйлады.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Оразбек Асықұлов чемпиондық белбеу үшін белдесуде өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловтан жеңіліп қалды.
Қазақстандық Дулат Бекбауов өзбекстандық Мужибилло Тұрсыновтан ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Абылайхан Жүсіпов Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс қосса, Диас Молжігітов финалда өзбекстандық қарсыласын жеңе алмай, бесінші күмісті жеңіп алды.
Ал бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында бес алтын, бес қола медаль жеңіп алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!