Жоғарғы соттың екі судьясы отставкаға кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат отырысында Жоғарғы соттың екі судьясы – Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босату мәселесі қаралды. Екеуі де зейнет жасына жетіп отыр. Осыған байланысты президент Жоғарғы сот судьяларын жұмыстан босатуға ұсыныс жасады.
Сенат мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан мақұлдады.
Сондай-ақ депутаттар Рашид Ахметовты жоғары аудиторлық палата мүшесі қызметінен босатты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!