Ақтау маңында Баку-Грозный рейсін орындау кезінде Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болған. Бұл туралыс Көлік министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.
«Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша аман қалған 28 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді. Барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды», делінген хабарламада.
Жолаушылардың арасында 6 Қазақстан азаматы, 37 Әзербайжан азаматы, 16 Ресей азаматы және 3 Қырғызстан азаматы болған.
Еске салайық, Бакуден Ресейдің Грозный қаласына ұшқан Az Airlines әуе компаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!