Менингококкты инфекциясы – ауа тамшы жолымен берілетін жіті респираторлық бактериялық қоздырғыштың мұрын-жұтқыншақтың зақымдануымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен өтетін, аурудың симптомсыз түрінен бастап іріңді менингококк сепсисіне дейінгі клиникалық түрлерімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Менингококкты инфекцияға аурудың кенеттен басталуы тән:
бірден қатты бас ауруы, құсу;
6-15 сағаттан кейін бөртпелер пайда болуы;
дене қызуының 39-40°С-қа дейін көтерілуі, қалтырау;
терінің бозаруы;
жалпы әлсіздік, арқаның және аяқ-қолдың ауырсынуы;
шөлдеу және тәбеттің төмендеуі.
Ауру тұмау, баспа, мұрынның бітелуі, тонзилиттер және т.б. сияқты салыстырмалы түрде «зиянсыз» ауруға ұқсап жеңіл түрде өтуімен өте қауіпті.
Ауру белгілері байқалса, тез арада дәрігерге қаралу қажет!
[24.01, 10:13] Гульзираш: Көкжөтел бұл көбінесе балаларда байкалатын және белгілі бір клиникалық көрінісі мен белгілері бар инфекциялық ауру. Көкжөтелдің ерекшелігі тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы.
Көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – вакцинация. Көкжөтелге қарсы егу 2, 3, 4 және 18 айлық жастағы балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы бір мезгілде кешенді вакцинамен жүргізіледі. Бұдан әрі 6 жастағы балалар АбКДС күшейткіш дозасымен егіледі.
Г.Айымбетова
Жалағаш аудандық СЭБ басқарма басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!