Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Бейсенбі, 29 мамыр, 12:48

Кене энцефалиті

27.05.2025

36

0

Кене энцефалиті (КЭ) – вирустық табиғи ошақтық инфекция, кене арқылы берілетін трансмиссивті инфекция, қызба, интоксикация болады, жүйке жүйесі зақымдалады, кейде созылмалы түрде болады.

Табиғаттағы вирустың негізгі резервуары және таралу көзі – иксод кенелері.

Инфекцияны таратушылар мен резервуарлары икод және басқа да кенелер болады, олар ауру жұқтырған жабайы жануарларды шаққан кезде вирус жұқтырады.

Кенелерде вирус сілекей бездерінде шоғырланады. Адам кене шағып алған кезде ауру жұқтырады.

Берілу жолдары:

– трансмиссивті (кене шағу кезінде);

– алиментарлы (ауру жұқтырған ешкінің, сиырдың шикі сүтін және бұзылған өнімдерді тамаққа пайдалану кезінде);

– контаминация (қан сорған кенені езіп-жаншыған кезде);

Кене энцефалиті кене белсенділігіне сәйкес келетін маусымдық сипатқа ие болады. Оның барынша көбеюі мамыр – маусым айларында байқалады. Бұл аурудың екінші, аздап көбеюі жаздың соңында – күздің басында тіркеледі.

Кене энцефалитінің белгілері мен симптомдары

Әдетте, кене шаққан жерде ешқандай өзгеріс болмайды. Инкубациялық (жасырын) кезең 2 күннен 21 күнге дейін созылады. Энцефалит белгілері осы уақыттан кейін пайда болады.

Вирус қанға енгенде, тұмауға ұқсас энцефалит симптомдары пайда болады: қалжырау, шаршау, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, сүйектің сырқырауы, дене қызуының көтерілуі мүмкін. Бұл аурудың қызба түрі деп аталады. Бұл жеңіл өтеді деп саналады, салдары болмайды.

Кене энцефалитін тек қана стационарда емдейді. Ауруханаға уақтылы бару ауруды асқындырмай, тезірек жазылып шығуға септігін тигізеді!

Жазылғаннан кейін вирусты бейтараптандыратын, комплемент байланыстыратын және гемаглютинирлеуші антиденелерді шығару нәтижесінде өмір бойы тұрақты иммунитет қалыптасады.

Кене энцефалитінің алдын алу шаралары

  • Табиғатқа барар кезде жеңі ұзын киім киіңіз. Шалбарды шұлыққа салып, биік етік киіңіз. Міндетті түрде бас киім киіңіз.
  • Кенелерді оңай байқау үшін ашық түсті киім киген дұрыс, келгеннен кейін киім мен бүткіл денені қарап-тексеру қажет.
  • Егер сіз денеңізден кенені байқасаңыз, онда емдеу сауықтыру мекемесіне  бару керек. Жәндікті өз бетінше алуға болмайды – дұрыс жасалмаған  процедурада кене бөліктері шаққан жерде қалуы мүмкін. Егер алып тастағаннан кейін бірнеше күн өткен соң сізде дене қызуы байқалса, дереу инфекционист дәрігерге қаралу қажет.
  • Кенені маникюр пинцетімен немесе жіппен алып тастауға болады, паразитті жіппен байлап, оның екі ұшын екі жаққа айырып, жоғары қарай тарту керек. Кенені ары-бері айналдырып қозғай отырып алып тастайды. Кенені жаншуға болмайды. Кейде өсімдік майы жәндікті шығарып алуға көмектеседі, шаққан жерге бір-екі тамшысын тамызады.
  • Жараны кез келген дезинфекциялық ерітіндімен (йодпен, жасыл дәрімен (зеленкамен), спиртпен) сүртуге болады.

 Г.Айымбетова – аудандық СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: