Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жексенбі, 24 қараша, 18:22

Жалағашта шағын және орта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып жатыр

29.07.2022

673

0

Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденциялар қалыптасуда. Биыл ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі – 84,4 пайыз, ал өңдеу өнеркәсібі – 72,3 пайызды құрады.

Жалағашта шағын және орта кәсіпкерлік саласы да қарқын алған. Атап айтсақ, кәсіпкерлік нысандарвның саны – 2571 бірлікті құрап, оның 92,5 пайызы жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 2018 жылдан бері жұмысы тұралап қаған «Мия тамырын өңдеу» зауытының жұмысы биыл жанданбақ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.

Бүгінде Жалағаш ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауқымды шаралар жүзеге асып келеді. Бұл жұмыстардың барлығы әлеуметтік саланы дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлік саласын ілгерлетуге және аудан экономикасын арттыруға бағытталған. Биыл нақтыланған аудан бюджеті – 13,6 млрд теңгені құрап, есепті кезеңде бюджет түсімі 101,2 пайызға орындалды. Сонымен қатар жыл басынан бері 290 кәсіпкерлік нысаны өз жұмысын бастады. Ал мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында ауданда 168 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылуда. Осы бағытта қыркүйек айында «Мия тамырын өңдеу» зауытын іске қоспақшымыз. Аталған зауытта 190 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Бұл өндіріс толық автоматтандырылған технологиялармен жасақталатын болады, – деді аудан әкімі Асқарбек Есжанов.

Баспасөз конференция барысында аудан әкімі әлеуметтік нысандардың құрылысын тілге тиек етті. Айтуынша, биыл 3 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін бұл нысандардың құрылыс жұмыстары толық аяқталып, халық игілігіне берілмек.

-Биыл аудан бюджет есебінен 1 спорттық және 1 мәдениет нысанының күрделі жөндеу жұмыстары және 2 елді мекеннің ауылдық клуб құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұл жобалар «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржыландырылатын болады, – деді Асқарбек Темірбекұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: