Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сейсенбі, 24 желтоқсан, 06:37

Қазақстанда 3 мыңнан астам әке декретке шыққан

29.07.2022

622

0

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемелдің айтуынша, өткен жылы 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 3 мыңнан астам ер адам мемлекеттен әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем ата-ананың біреуіне ғана тағайындалады. Яғни не әкесінің атына не болмаса анасының атына. Ал нақты бала күтімімен кім айналысады оны ата-ананың өздері шешуге құқылы», деді Нұрсұлу Кемел орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, өткен жылы елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 385 мың әлеуметтік төлем тағайындалды.

«Оның ішінде 3 мыңнан астамы – ер адамдар. Бұл әлеуметтік төлем баланың әкесіне төленгенін білдіреді», деді ол.

Қор директоры бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем мөлшері ата-ананың соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40%-ын құрайтынын айтты.

Сондай-ақ егер екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалатынын айта кету керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: