Жақында ғана орта салмақтағы WBA уақытша чемпионы Крис Юбенкпен жұмыс істей бастаған неміс промоутері Калле Зауэрланд IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті. Оның айтуынша, Головкинмен жекпе-жек олардың тізімінің басында тұр, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Зауэрланд Головкинмен жекпе-жекті орта салмақта өткізуге болатынын айтады
«Адамдар жас немесе басқа нәрсе туралы айтады. Головкин желтоқсанда кәрі көрінген жоқ. Тіке айтайық – ол соңғы он жыл ішінде орта салмақтағы көшбасшы», – деді ол Boxingnews24.com басылымына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Головкин аңызға айналды.
«Меніңше, бұл жекпе-жек Ұлыбританияда немесе АҚШ-та өтуі мүмкін. Бұл ауқымды кездесу болмақ», – деді Калле Зауэрланд.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Головкин мексикалық Хайме Мунгиямен келіссөздер жүргізіп жатыр. Олардың жекпе-жегі мамыр айында болады деп жоспарланып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!