Бүгін бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.
Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, таулы аймақтарда найзағай ойнап, жауын сіркірейді.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!