Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жексенбі, 28 сәуiр, 10:00

Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы рейстер жиілейді

20.05.2023

215

0

Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы ұшу рейстері жиілейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп, халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

«Мәселен, 2023 жылғы 23 мамырдан бастап «Fly Arystan» авиатасымалдаушысы Airbus – 320 үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) Астана – Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады», – деп жазды ведомстводан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: