Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:55

Әр ай сайын ауыстыру керек тұрмыстық заттар

21.05.2023

585

0

Салауатты өмір салты – дұрыс тамақтану, физикалық жүктеме, толыққанды ұйқы ғана емес, сондай-ақ бізді қоршаған тұрмыстық заттар. Олардың кейбіреулерін нақты уақыт аралығы сайын ауыстырып тұру керек. Оларды жуа бергеннен тек сыртқы түрі тозып қана қоймай, сондай-ақ тиімділігі азаяды және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.

Ағаш қасықтар

Ағаш қасықтарды тамақ пісіргенде қолдану ыңғайлы, себебі олар ыдыс бетін зақымдамайды. Бірақ олар ылғалды сіңіреді және жылдам өзгеріске ұшырайды. Егер ол сапасыз сүректен жасалған болса, онда бірнеше аптадан соң жырықтардың ішіне май жиналғанын байқайсыз. Сондықтан оларды айына бір рет ауыстырып тұрған дұрыс.

Макияжға арналған спонж

Спонж өзіне тек косметикалық өнімдерді емес, сондай-ақ өлген тері бөліктерін және тері майын сіңіріп алады. Әр қолданған сайын оны жақсылап жуу керек.

Жуыну жөкесі

Оның да бетінде терінің өлген жасушалары қалады. Ол бактерия мен зең көбеюге арналған жақсы орта, сондықтан жөкені жуынатын бөлмеде сақтамаған жөн. Оны міндетті түрде кептіру керек. Әсіресе, табиғи материалдардан жасалған жөкенің гигиенасын мұқият сақтау керек: оларды әр ай сайын ауыстыру қажет.

Ыдыс жуатын сорғыш

Микробиологтар ас үй сорғышын зиянды бактериялар жиналу деңгейі мен жылдамдығы жағынан унитазбен салыстырады. Сондықтан оны жиі ауыстырып тұру ұсынылады.

Шүберектер

Шүберекпен үйдегі көптеген лас жерді сүртесіз. Шүберекті де жиі ауыстырып тұру керек.

Тіс щеткасы

Әр қолданғаннан кейін тіс щеткасын жақсылап жуып, кептіру керек. Сондай-ақ оны унитаздан 3 метрден аз емес қашықтықта сақтау қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: