Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемей жүргендерге ескерту жасады, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz
«Салық уақытында төленбеген жағдайда әр кешіккен күнге өсімпұл жазылады. Борышкерлерге берешегі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама отыз күнде орындалмаса салық бұйрығы жолданады. 26 мамырдан бастап орындалмаған салық бұйрықтарымен берешекті мәжбүрлі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға беріледі», деді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Шынар Мұқанова.
14 мыңға жуық адам көлік салығын әлі төлемей жүр.
Айта кетейік, салықты e-Salyk-Azamat мобильді қосымшасы арқылы немесе мемлекеттік кірістер комитетінің www. kgd.gov.kz интернет-ресурсында есептеп, төлеуге болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!