Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы жағдайға байланысты жедел кеңесте «Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 млн теңгеден төленетінін айтты. Сондай-ақ қаза тапқан азаматтардың отбасына қосымша қолдау шаралары көрсетілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
1) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;
2) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;
3) қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;
4) БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.
Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының қанша несиесі бар екені анықталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!