Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:17

Бақша салуға бар жағдай жасалған

21.07.2023

342

0

Егін саласын жыл сайын толағай табыспен қорытындылайтын аграрлық аудан биыл да межелі жерге егін орналастырды. Аяқ судың қат екенін ескерген шаруалар биыл өткен жылдарға қарағанда бақша өнімдеріне, жалпы суды аз қажет ететін дақылдарға басымдық берген. Қазірдің өзінде бақша салған ауылдағы ағайын қауын-қарбызды сабағынан үзіп жатыр. Аймақ басшысының тапсырмасы аясында тұрғындарға бақшалық жер ашып беру де жоспарға сай орындалды.

Биыл 37052 гектарға егiн ор­на­лас­тыру жоспарланған болатын. Ерте көк­темнен бастап жоспар арты­ғымен орындалып, 37079 гектарға егін толық ор­наластырылған. Көктемгі егін ор­на­ластыру жұмыстарына бүгінге де­йін 75 шаруашылық операторлармен ке­­лісім-шартқа отырып, 1 850 тонна ди­­зель жанармайын алған. 2 666 тонна ди­зель бөлуге сұраныс берілген болатын, қазіргі таңда оның 69,4 пайызы жеткізілді.

Иә, жыл сайын аяқ су мәселесі ша­руаларды қос бүйірден қысып ба­рады. Мамандар оның жыл сайын күр­де­лен­бесе, артық су келмейтінін айтып, да­был қағып жатыр. Олардың шаруа­лар­ға берер жалғыз кеңесі бар, ол – күріш кө­лемін қысқартып, суды аз қажет ете­тін дақылдарға басымдық беру. Ке­шеге дейін ауданға жоспар бойынша се­кундына 96,57 текше метр су келуі тиіс болса, нақты келген судың көлемі се­­кун­дына 92,07 текше метрді құрап отыр.

Су тапшылығы жағдайында аудан шаруашылықтары насос қондырғы­ла­рын пайдалану арқылы егінді сумен қам­тамасыз етуде. Қазіргі таңда аудан шаруашылықтары 40 дана су тартқыш насос қондырғысын егінді суаруға пай­далануда, оның ішінде 12 насос қон­дырғысы «Жалағашсушар» өндірістік учаскесінен шаруашылықтарға берілсе, 28 насос қондырғысын шаруашылықтар өз қаржысына сатып алған.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 179 гектар күріш алқабына су шықпай қал­ған. Су жарамай қалған егіс алқап­та­ры­ның 96 гектары Мақпалкөл ауыл­дық округінде орналасса, Бұқарбай ба­тыр ауылында 83 гектар алқапқа су бармаған.

Бөлім қызметкерлері биыл егілген 19800 гектар күріштің 14 320 гектары, яғни 72,3 пайызы жақсы жағдайда еке­нін айтады. Ал 4 550 гектары қана­ғат­танарлық жағдайда болса, биыл егілген Сыр салысының 4,7 пайызы нашар жағдайда деп танылған.

Биыл 7 200 гектар ескі жоңышқа кү­тімге алынған. Бүгінде оның 6 750 гектарының бірінші орымы аяқталды. Орта есеппен 1 гектардан 22,2 центнер өнім алынып, барлығы 14 985 тонна мал азығы жиналған.

Облыстық ауыл шараушылығы мен жер қатынастары басқармасы мен «Каз­сушар» өндірістік учаскелері өкіл­де­рінен құрылған жұмысшы топ ау­данда 7 443 гектар суармалы жерде дақылдарды ке­зектестіру тәртібі бұзылғанын анықта­ған. Бұл жерде күріш дақылының көлемі артық егілмеген. Нақты айтқанда, су тапшылығы жағдайы ескеріліп, күріш егуге кезегі келген 1 400 гектар егістік жерге ескі жоңышқа дақылы қалды­рылған, 1 420 гектар жаңа жоңышқаның орнына күріш, 1 420 гектар күріш ал­қа­бының орнына жаңа жонышқа ор­на­­ластырылған. Сонымен қатар ау­­дан­­дағы Аққұм, Бұқарбай батыр, Мә­­де­ниет, Таң ауылдық округтерінде «Ир­ри­гация және дренаж жүйелерін же­тіл­діру» жобасының 2 кезеңінің құ­ры­лыс жұмыстарын жаз айларында жүр­гізу үшін ауыл шаруашылығы да­қыл­дарының орналасу тәртібі өзгерген шаруашылықтар бар.

Тиісті сала мамандары аудандағы суармалы жерде дақылдарды орна­лас­тыру тәртібіне тұрақты бақылау жұ­мыс­тарын жүргізуде. Бүгінге дейін 1 346 гектар күріш артық егіп, ауыспалы егіс тәртібін өрескел бұзған 16 шаруашылық анықталған. Заңға сәйкес тиісті шара­лар қабылдау үшін Қызылорда об­лыстық жер ресурстарын басқару де­пар­таментіне жолданыпты.

Күзгі егін жинау жұмыстарына GosAgro.kz порталы арқылы аудан шаруа­шылықтары тарапынан 1 475 тонна же­ңіл­детілген дизель жанармайына өті­нім берілген. Жоспар бойынша 2 234 тонна дизель жанармайына сұраныс бе­рілуі тиіс болатын. Жоспар 66 па­йыз­ға орындалып отыр. Мамандар қа­зіргі уақытта бөлініп шыққан шаруа­шы­лықтар құжаттарының дайын бол­мауынан GosAgro.kz порталы арқылы өтінім беру мүмкін болмай отырғанын айтады.

Ауданда жеке тұрғындар тарапынан 500 гектар жер дайындау жоспарланған болатын. Бүгінге дейін жоспар 100 пайызға орындалып, тиісті жерлер барлық елді мекенде ашылды. Қазіргі таңда 921 отбасы 217,3 гектар картоп, 63 гектар көкөніс, 219,7 гектар бақша дақылдарын орналастырған.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: