Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:02

Халық сенімінен шыққан әкім

24.07.2023

377

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында демократиялық бағыттың көрінісі ретінде ауылдық деңгейдегі әкімдерді халық өзі сайлайтынын айтқан болатын.

Алғашқы ауыл әкімдерін сайлау тәжірибесі 2021 жылы басталып, саяси партиялар өз үміткерлерін ұсынуға мүмкіндік алған еді. Осы тұста «AMANAT» партиясының Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындық филиалы Қаракеткен ауылдық округіне үміткер ретінде Әділ Тоқтаровты ұсынған еді. Ол сайлауда халық сеніміне ие болып, сайлауалды бағдарламасын толыққанды орындау мақсатында бүгінде белсенді жұмыс жүргізіп жүр.

Ауыл әкімі жергілікті кәсіпкер меценаттармен де тығыз қарым – қатынас орнатып келеді. Атап айтсақ, ауыл тұрғыны, білікті дәрігер болған ардагер Қуандық Меңбаевтың демеушілігімен аталған ауылда балалар ойын алаңының салынуына өз ықпалын жасады. Құны 4,5 млн теңгені құрайтын ойын алаңы биыл 14 маусымда пайдалануға берілді. Жергілікті тұрғындар ауыл әкіміне және лайықты кандидат ұсынған «AMANAT» партиясына өз алғыстарын білдірді.

Ал партия мен халықтың аманатын арқалаған ауыл әкімі сенімді ақтамау азаматтығыма сын дейді.
✔️«Маған партияластар сенім артып, әкімдік қызметке ұсынған болатын. Ауыл тұрғындары да қолдап, өз дауыстарын берді. Сондықтан ауылымыздың әлеуметтік және экономикалық дамуы жолында халықтың мүддесін бәрінен жоғары қоя отырып, халыққа қызмет етуді өзімнің азаматтық борышым деп санаймын. Бүгінгі күні Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелерімен бірлесіп, ауылды көркейту үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір ауылымызда жарықтандыру мәселесі 80%-ға шешілді. Келер жылы бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді ауыл әкімі Әділ Тоқтаров.

Бүгінде Қаракеткен ауылында 8 көшеге жарық беріліп, қалған екі көшені жарықтандыру жұмысы жүргізілуде. Тұрғындардың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында 12 көшені жөндеу бойынша ұсыныстар беріп, тиісті құжаттар дайындалып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: