Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 10:43

1 ЖЕЛТОҚСАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖИТС-КЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

29.11.2024

152

0

ЖИТС – жүре пайда болған иммун тапшылығы вирусы. Бұл толық таусылған адам ағзасында кездесетін және бір-біріне қабаттасатын ауыр аурулардан қорғай алмайтын АИТВ инфекциясының дамуының соңғы сатысы. ЖИТС кезеңінде дененің әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қайтымсыз және өмірге сәйкес келмейтін зақымдануы орын алады. 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Утегенова аурудың алдын алу жолдары туралы айтты.

– Синдром – белгілі бір аурулардың жиынтығы. ЖИТС АИТВ – инфекциясын жұқтырған адамдарда дамиды және осы аурудың соңғы кезеңі болып табылады. Ол адам денесінің әр жерін, ең бастысы – иммундық жүйесін жаулап алады. АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауырған бірдей емес. АИТВ жұқтырған сәттен ЖИТС даму ұзақтығы 7 жылдан 15 жылға, одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Жалпы, АИТВ-инфекциясы 3 жолмен жұғады. Біздің облыс бұл аурумен тіркелгендер саны бойынша республикада ең төменгі орында тұр. Негізі СПИД дерті жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайына қарамайтын ауру түрі. АИТВ инфекциясын жұқтырған азаматтардың құқықтары ҚР-ның заңнамаларымен толық қорғалған. Жаңадан анықталған АИТВ-жұқтырғандарға бірінші психолог дәрігер кеңесі беріледі. АИТВ-статусы айтылып, есепке алынады және тексерулер жүргізіледі. Ал, АИТВ-инфекциясының 4 клиникалық стадиясы бар. І клиникалық сатысы – симптомсыз саты деп аталады. Бұл кезеңде бір немесе бірнеше лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін. ІІ клиникалық сатысы кезінде дене салмағы 10 пайызға дейін түссе, ІІІ сатысында 1 айдан ұзақ уақыт диарея мен қызба пайда болып, үдемелі кандидозды стоматит, тілдің шашты лейкоплакиясы, өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Сондай-ақ, ІV кезеңде терең иммунды жетіспеушілік жағдайы туындап, оппортунисті инфекциялар, ісіктер, кахексия, деменция пайда болады. АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін егетін вакцина болмағандықтан, халық арасында санитарлық ағарту тұрақты түрде жұмыстарын жүргізу, яғни түрлі семинарлар, дөңгелек үстел, тренингтер мен кездесу кештері, акциялар өткізіліп тұрады,- деді Шолпан Жеңісбекқызы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: