Қазақстанда 14-35 аралығындағы жастарға мемлекеттен 3 миллион теңге қайтарымсыз грант беріледі. Оны қалай алуға болады? Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі түсіндіреді.
26 қыркүйекте Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталған болатын. Конкурс бойынша 3 миллион теңгеден 30 грант беріледі.
Конкурстың мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.
Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:
«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;
PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);
PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуы тиіс.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/92722/
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!