15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай, “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы “Халыққа қызмет” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Отбасын қолдау орталығында жұмысшы мамандық иелерімен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін арттыру және олардың кәсіби тәжірибесін жастарға үлгі ету.
Кездесу барысында қатысушылар жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы, еңбек нарығындағы сұраныс және жастарды осы салаға тарту жолдары туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, еңбек адамдарының жетістіктері мен тәжірибелері ортаға салынып, олардың қоғамға қосқан үлестері атап өтілді.
Бұл іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып отыр. Мұндай кездесулер жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және жастар арасында осы салаға деген қызығушылықты оятуға ықпал етеді.
«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да еңбек адамдарына қолдау көрсетіп, олардың тәжірибесін жастарға насихаттау бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!