«Қазгидромет» РМК Қазақстанның кейбір бөлігінде 19-20 қазан аралығында қар жауып, көктайғақ, тұман болатынын, сондай-ақ қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алатынын болжайды.
«Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың батысында көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді»- делінген «Қазгидромет» РМК-ның хабарламасында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!