Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жексенбі, 24 қараша, 14:21

22,2 млрд теңге бөлінген: Мемлекет 500 мыңнан астам оқушыны жаңа оқу жылына дайындаған

04.09.2024

304

0

Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында мемлекет әлеуметтік жағынан осал отбасылардағы 500 мыңнан астам баланы мектепке дайындауға қолғабыс көрсеткен. Осы мақсатта ата-аналардың есепшотына 22,2 млрд теңгеден астам қаржы аударылған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Осындай қолдау атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардағы мектеп оқушыларына көрсетілген. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, өтініш бергендердің 100 пайызы мемлекеттен қаржылай көмек алған.

«Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі көмек көрсету механизмін, оның ішінде ата-аналардың есепшоттарына ақша аударуды жетілдіру бойынша шаралар қабылдаған еді. Бұл шара ата-аналар мен балаларға киім-кешек пен оқу құралдарын жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік берді, осылайша сапасыз тауарларды алуды болдырмайды. Биыл әр оқушыға орташа есеппен 45 мың теңге шамасында қаражат бөлінді», деді Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Министрлік «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасатынын мәлімдеді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: