Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сәрсенбі, 25 маусым, 01:13

Адам папиллома вирусы және одан қорғану жолдары

24.06.2025

14

0

Адам папиллома вирусы жиі кездеседі. Негізінен, вирусты жыныстық қатынас барысында жұқтырады, сонымен қатар тұрмыстық жағдайларда да жұқтыру мүмкіншілігі жоғары. Көбіне вирусты жұқтырғанда (жұқтырған) адам бұл вируспен зақымданғанын білмей де қалады, өйткені вирус өзінің клиникалық көріністерін айқын көрсетпеуі де мүмкін.

Аурудың алдын алу шаралары:

– күмәнді адамдармен жыныстық қатынасқа түспеу;

– иммунитетке мән беру, жыныстық ағзаларды таза ұстау, жарақат алмауға, қабынуға жол бермеу. Адамның иммунитеті жоғары болса, вирусты әлсіретіп басып жоюы мүмкін. Ал егер иммунитеті күрт төмендесе, онда вирустың әсері жоғарылап, асқынуларға алып келуі ықтимал;

– әйел адамдарға уақтылы, жылына екі рет дәрігерге көрініп, тиісті зертханалық зертпеге анализ тапсырып отырғандары дұрыс;

– ең бастысы, АПВ-ны алдын алудың негізгі жолы – вирусқа қарсы екпе алу.

Адам папиллома вирусына қарсы вакцина жатыр мойны обырынан қорғайды, сонымен қатар адам вирус папилломасына қарсы вакцина әйелдің бала туу қабілетіне әсер етпейді.

АПВ-ға қарсы вакцинациялау әлемнің 135 елінде жүргізіледі, сондай-ақ көршілес елдерде, 2013-14 жылдардан бастап Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда, Ресейде де жүргізілуде. Әлемдік деңгейде АПВ-ға қарсы вакцина өзінің тиімділігін дәлелдеген. Сонымен бірге жасөспірім қыздар арасында вакцинациялаудан кейінгі жағымсыз реакциялар тудырғаны жөнінде дәйек тіркелмеген.

Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау 11 жастағы қыздарға жасалады. Себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша АПВ вакцинасын ерте жаста, яғни 9-14 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында қолдану барынша тиімді.

Вакцина білім беру ұйымдарындағы егу кабинеттері арқылы тегін жүргізіледі. Вакцинациялауға ата-анасынан немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімдерімен жүргізіледі. Сонымен қатар вакцинациялауға денсаулығында ақауы жоқ, сау балаларға дәрігердің тексерулерінен кейін, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда жүргізіледі. АПВ вакцинасы иммунитеті төмендеп, әлсіреген адамдар үшін де қауіпсіз. Вакцинация Гардасил вакцинасымен жүргізіледі, алты ай интервалымен екі рет егіледі.

Жасөспірім қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинациялау туралы шешім қабылдата отырып, Сіз оларды болашақта онкологиядан қорғайсыз.

Г.Айымбетова – Жалағаш аудандық СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: