Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Жұма, 15 тамыз, 12:43

Адам папиллома вирусы және одан қорғану жолдары

19.07.2025

40

0

Папиллома вирусы не­ме­се адам папил­ло­ма ви­русы (АПВ) – папиллома ви­рустық топтардан құ­рал­ған. Бес тұқымдас­тық­тан шыққан 27 түрі кез­де­седі, 200-ден астам типтес вирустық топ, вирустың кей­бір штамдары онко­ло­гия тудыруы мүмкін.

Адам папиллома ви­ру­сы (АПВ) – өзімен-өзі кетіп қалмай, жатыр мойнының жасушаларына көптеген өзгерістер алып келуі мүм­кін. Сондай-ақ ракалды қабынуларға да, уақтылы ем­делмеген жағдайда жа­тыр мойны обырына алып келуі мүмкін.Ең қауіп туды­ра­тыны – 6, 11, 16, 18 тұқым­дас­тықтан туындайтын вирустар тобы.

Аурудың алдын алу ша­ралары:

– иммунитетке мән бе­ру, жыныстық ағзаларды та­за ұстау, жарақат ал­мау­ға, қабынуға жол бермеу. Адамның иммунитеті жо­ғары болса, вирусты әл­сіретіп басып жоюы мүм­кін. Ал егер иммунитеті күрт төмендесе, онда ви­рус­тың әсері жоғарылап, а­с­қынуларға алып келуі ықтимал;

– әйел адамдарға уақ­ыты­­лы, жылына екі рет дә­рі­герге көрініп, тиісті зерт­ха­на­лық зертпеге анализ тапсырып отырғандары дұрыс;

– ең бастысы, АПВ-ны ал­­дын алудың негізгі жолы – вирусқа қарсы екпе алу.

Адам папиллома ви­ру­сы­на қарсы вакцина жатыр мойны обырынан қор­ғай­ды, сонымен қатар адам ви­рус папилломасына қар­сы вакцина әйелдің бала туу қабілетіне әсер ет­пей­ді.

АПВ-ға қарсы вак­ци­на­циялау әлемнің 135 елінде жүргізіледі, сондай-ақ көр­шілес елдерде, 2013-14 жылдардан бастап Өз­бекстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда, Ресейде де жүргізілуде. Әлемдік дең­гейде АПВ-ға қарсы вакцина өзінің тиімділігін дәлелдеген. Сонымен бір­ге жасөспірім қыздар ара­сын­да вакцинациялаудан кейінгі жағымсыз реак­ция­лар тудырғаны жөнінде дәйек тіркелмеген.

Қазақстанда адам па­пи­ллома вирусына қарсы вакцинациялау 11 жастағы қыздарға жасалады. Се­бебі Дүниежүзілік ден­сау­лық сақтау ұйымының де­рек­тері бойынша АПВ вак­цинасын ерте жаста, яғни 9-14 жас ара­лы­ғын­дағы жасөспірім қыздар арасында қолдану ба­рын­ша тиімді.

Вакцина білім беру ұйым­­дарындағы егу ка­би­неттері арқылы тегін жүр­гі­зіледі. Вакцинациялауға ата-анасынан немесе қам­қоршыларының ақ­па­рат­тан­дырылған келісім­де­рі­мен жүргізіледі. Сонымен қатар вакцинациялауға ден­саулығында ақауы жоқ, сау балаларға дәрігердің тексерулерінен кейін, қар­сы көрсетілімдері бол­ма­ған жағдайда жүргізіледі. АПВ вакцинасы иммунитеті төмендеп, әлсіреген адам­дар үшін де қауіпсіз. Вак­ци­нация Гардасил вак­ци­насымен жүргізіледі, алты ай интервалымен екі рет егіледі.

Жасөспірім қыздарға АПВ-ға қарсы вак­ци­на­ция­лау туралы шешім қа­был­дата отырып, сіз оларды болашақта онкологиядан қорғайсыз.

Г.Айымбетова,

Жалағаш аудандық

СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: