Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 04:42

Аймақ басшысы әріптестерін мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады

23.06.2023

367

0

 Бүгін облыс әкімдігінде Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев әріптестерін мерекемен құттықтап, өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар қай кезде де құрметті екенін атап өтті.

«Таяуда ғана өткен ұлттық Құрылтайдың екінші жиынында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің бойында профессионализм, яғни нағыз маман атану және отаншылдық қасиет болуы керек екенін айтты. Бұл ретте әрбіріміз «Адал азамат» құндылығын бәрінен биік қоюға тиіспіз. Себебі Президент айтқандай, «Біз отаншылдығымызды және елге жанашырлығымызды нақты іспен көрсетуіміз керек. Адал азамат болуға ұмтылуымыз қажет. Сонда әрқайсымыз Отанымызды өркендетуге үлес қосамыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іс-шара барысында бірқатар қызметкерге «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттар табысталып, «Үздік мемлекеттік қызмет көрсетуші» номинациясына лайық жеңімпаз марапатталды.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде 3000-нан аса мемлекеттік қызметші аймақ дамуына елеулі үлес қосуда. Олардың тең жартысы – нәзік жандылар. Мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектердің 325-і басшылық лауазымды абыроймен атқаруда.

Аймақта 29 жасқа дейінгі 300-ден аса жас мемлекеттік қызметші бар. Олардың 20-сы – Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, 3-і – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Өткен жылы 9 мемлекеттік қызметші Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының грантын иеленіп, жаңа білім дағдыларын меңгеруде.

356028674_565533995767849_1860780416995439151_n.jpg
355855277_565533829101199_5382183444312024274_n.jpg
355889870_565533869101195_8004593508526272395_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: